Автор: admin

«Әкелер мектебінің» жоспары бойынша 18.10.2024ж күні «Атамекен» бөбекжайында» әкелермен кеңес өткізілді

«Әкелер мектебінің» жоспары бойынша 18.10.2024ж күні «Атамекен» бөбекжайында» әкелермен кеңес өткізілді. Өткізкен тәрбиеші: Сарыбаева Хибат Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Бала тәрбиесіндегі әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы түсінік беру.

«Әнім, жырым саған—туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

07.11.2024ж күні «Атамекен» бөбекжайында «Әнім, жырым саған—туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Максаты: Туган еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру; ұлттық салт-дәстүрді, еліміздің мақтаныштарын үлгі-өнегелерлерін құрметтей білуге тәрбиелеу.Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

Еңбекпен зейнетке!

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Құрмет демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұл-қыздарыңыздың ортасында бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті жүз есе, мың есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!

«Отбасы—бақыт мекені» атты әжелермен кездесу.

«Отбасы—бақыт мекені» атты әжелермен кездесу. Мақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілдікке, үлкен адамдарды құрметтеуге үйрету. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Балаларды Отанды, Қазақстан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

«Қазына» тобы Мақсаты: Балаларды Отанды,Қазақстан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Құлтаева Алтынай, Джубанова Балжанай https://www.facebook.com/100039340787747/videos/1230015828242145

Консультациялық пункттің жоспары бойынша ата-ана мен тренинг өткізді.

23.10.2024 жыл күні «Атамекен» бөбекжайының» Консультациялық пункттің жоспары бойынша ата-ана мен тренинг өткізді. Максаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, және тәрбие беру туралы пікір бөлісу.

Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат Мақсаты: Баланың тарихи, мәдени көзқарасын қалыптастыру арқылы отанға, елге деген сүйіспеншілігін дамыту. Себебі, мұражай — кешегі тарих, бүгінгі мәдени ошақ болып табылады. Өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Тәрбиеші-ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың Өмірде сенің…

ары қарай оқу

«Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» тақырыбында офлайн форматта педагогтармен ата-аналар арасында жиналыс өткізді.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Атамекен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 26.09.2024 жылы «Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі» тақырыбында офлайн форматта педагогтармен ата-аналар арасында жиналыс өткізді.

Мәдени гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа тәрбиелеу!

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру. Қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың көңіл-күйін көтеру дене сымбаттарын жетілдіру. Қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту. Мәдени гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа тәрбиелеу!