Бөбекжайда қамқоршылық кеңесін құру туралы


Қамқоршылық кеңес
«Атамекен» бөбекжайында қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. Отырыста «Атамекен» бөбекжайының басшысы Асанова Ментай Сагатқызы қамқоршылық кеңесінің не жайында екенін бүге шүгесіне дейін айтып түсіндірді, оқу әдістемелік процестерімен таныстырды. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібімен, өамқоршылық кеңестің өккілеттігі жөнінде түсіндіріп өтті және алдағы уақыттағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңес мүшелерінің шешімімен Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Мархабаева Мирамгүл тағайындалды. Кеңес мүшелері алдағы уақытта балабақша ұжымымен жұмыла жұмыс жасайтындарын айтты.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 23 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес бөбекжайымызда қамқоршылық кеңесі құрылып, мүшелері тағайындалған болатын. Кеңес мүшелері:
1Мирамгул Мархабаева
2Рүстем Есбергенов
3Әйгерім Төлегенова
4Ұлзира Сақтағанова
5 Бибінұр Бейназарова
6 Айсұлу Қартабаева
7 Әсемгүл Рзабекова
8 Зина Атабаева
9 Венера Какибаева
Қамқоршылық кеңесі – қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды еріті негізге біріктіретін мемлекеттік емес коммерциялық емес қоғамдық ұйым.
Қамқоршылық кеңесі – тек қодау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы.