Бөбекжай туралы
Білім беретін ұйым туралы жалпы мәлімет
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Атамекен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы.
Почта индексі: 130100
Мекен-жайы: Ж.Аймауытов көшесі 29 в
Инвентар № 7443
БСН: 150940007336
Тұрақты жерді пайдалану акті: кадастрлық №13-196-002-6548
Ғимараттың салынған жылы: 2014 ж
Меншік нысаны: коммуналдық
Жер учаскесінің алаңы : 0,6408га
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды: 23.02.2016ж №78
Веб-сайт: https://atameken-balabaksha.kz/
e-mail: batameken@bk.ru
Инстаграм парақшасы: Atameken_bobekzhai
Фейзбук парақшасы:Атамекен бөбежайы
Тәрбие беру тілі: қазақ
Басшы: Асанова Ментай Сагатовна
Телефон: 8(72932) 2-19-60
Балалар контингенті: 175
Жалпы мектепке дейінгі ғимарат: 2 қабаттан құрылған
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Атамекен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015жылы қазан айында ашылды. Бөбекжай ғимараты 2 қабатты типтік жобада,заман талабына сай салынған. Бөбекжай 175 орындық, 7-топ «Атамекен», «Атамұра», «Дәстүр», «Ұлағат», «Болашақ», «Қазына», «Ұлан» топтары жұмыс жасайды. Әр топ 25 балаға лайықтанған. Бөбекжай аптасына 5 күндік, сағат 7.30-дан 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілер қазақ тілінде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік демалатын,ойнайтын, киінетін, тамақтанатын, жуынып шәйінатын бөлмелері бар. Топтарда ата-аналар үшін «Денсаулық», «Ата-аналар сіздер үшін» бұрыштары бар. Білім салалары бойынша дамытушы орталықтар, ойыншықтар сөресі, кітаптар бұрышы, жол ережесі бұрышы, сауықтыру бұрыштары жасақталған. Бұдан басқа музыка залы, психолог кабинеті, логопед-дефектолог кабинеттері бар. Медициналық кабинет жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара, оқшаулау бөлмелері бар. Медициналық кабинет санитарлық қағидаға сәйкес құрал-саймандармен жабдықталған. Асханада ас пісіру бөлмесі, қойма, тозаңытқыштар бөлмелері бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріс жүйелері автаномды. Су орталықтандырылған. Бөбекжайда өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі, ішкі және сыртқы бейнебақылаумен жабдықталған.
Аулада әр топтың бөлек-бөлек алаңдары бар. Балалардың жас ерекшеліктеріне бойынша түрлі ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар топтар алаңында саялы көлеңкелі ойын алаңдары да орналасқан.