Месяц: Ноябрь 2024

«Әкелер мектебінің» жоспары бойынша 18.10.2024ж күні «Атамекен» бөбекжайында» әкелермен кеңес өткізілді

«Әкелер мектебінің» жоспары бойынша 18.10.2024ж күні «Атамекен» бөбекжайында» әкелермен кеңес өткізілді. Өткізкен тәрбиеші: Сарыбаева Хибат Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Бала тәрбиесіндегі әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы түсінік беру.

«Әнім, жырым саған—туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

07.11.2024ж күні «Атамекен» бөбекжайында «Әнім, жырым саған—туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Максаты: Туган еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру; ұлттық салт-дәстүрді, еліміздің мақтаныштарын үлгі-өнегелерлерін құрметтей білуге тәрбиелеу.Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

Еңбекпен зейнетке!

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Құрмет демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұл-қыздарыңыздың ортасында бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті жүз есе, мың есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!