Месяц:

Қантар 2023

«Толағайдың достары»

Бөбекжайішілік «Ұлан»  тобы бүлдіршіндерінің арасындағы ұйымдастырылған «Толағайдың достары» атты тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,  дені сау,  рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.  Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген  қызығушылықтарын арттыра отырып,  ептілікке,  шапшаңдыққа,  батылдыққа баулу.

«Театрлық ойындар» куыршақ театры

«Театрлық ойындар» куыршақ театры Тақырыбы:«Үйшік» ертегісі Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын,  ойлау қабілетін дамыту. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.…

ары қарай оқу

«Қыс қызығы»

Серуен: «Қыс қызығы» Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып,  барлық топта бақылау өткізілді.  Ағаштарды,  желді,  ауа райын, құстарды бақылау өткізілді. Қысқы табиғаттың ерекшелігімен таныстырып,  табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып,  қысқы табиғаттың сұлулығымен әдемілігін көре білуге тәрбиелеу. Өткізген:«Атамекен»  тобы «Атамұра»  тобы,  «Дәстүр»  тобы,«Ұлағат»  тобы,  «Болашақ» тобы,«Қазына» тобы,  «Ұлан»  тобы.